Қазақстанда балабақшаларда топтарды қалай жинақтамақ?

Оқу-ағарту министрлігі жаңа топтарды жинақтауға байланысты ақпар берді.

Қазақстанда балабақшаларда топтарды қалай жинақтамақ?
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған балабақшаларда топ жинақтаудың қалай жүргізілетінін хабарлады. Құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін жалғаспақ. Министрлік ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілген өңірлерде ваучерлерді бөлу кезек жаңартылғаннан кейін, нақтырақ айтқанда, бірінші шілдеден бастап жүзеге асатынын мәлімдеді. Қазіргі таңда жаңа жүйеге Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал, Астана, Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Қонаев, Қосшы, Талдықорған қаласы мен Байзақ, Сарыағаш, Жетісай, Сайрам, Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қатысты.

Ваучер алу үшін қажет қайтпек керек?

  • Келісімді екі жұмыс күні ішінде растау керек. Ваучер расталмаған жағдайда өтініш белсенді емес болып есептеледі, ал ата-ана немесе заңды өкіл оны 28 күнтізбелік күн ішінде тек бір рет қайта қалпына келтіре алады.
  • Балабақшаны таңдап, құжаттарды жинап, келісімшартты бес  жұмыс күні ішінде рәсімдеу қажет. Егер ваучерден бас тартса, кезек жойылады. Егер қалаған балабақшада бос орын болмаса, ата-ана баланы «күту парағына» қоя алады. Бос орын пайда болған жағдайда жеке кабинетке жаңа хабарлама жіберіледі.

Ваучер жүйесіне қатыспаған өңірлерде жас ерекшеліктері бойынша топтар жинақтау бірінші тамыздан басталады. Бос орын туралы хабарламалар алдымен кезекте тұрғандарға беріледі. Ата-анаға жолдаманы растауға немесе одан бас тартуға екі күн беріледі. Егер жолдама расталса, бес жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырып, келісімшарт жасайды. Қажет болған жағдайда жолдаманы 30 күнтізбелік күнге дейін бір рет ұзартуға болады.

Егер құжаттардың толық пакеті ұсынылмаса, мерзімі өтіп кеткен болса немесе екпе алмаған балалар саны рұқсат етілген мөлшерден асып кетсе, балабақша құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Құжаттарды алдын ала тексеріп, жеке кабинеттегі хабарламаларды қадағалап отыру қажет екені ескертеді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp