Қазақстанда магистратураға грантқа түскен жандардың тізімі жарияланды
23 тамызда Ғылым және жоғары білім министрлігі білімін магистратурада жалғастырып, шыңдағысы келіп, гранқа ие болған адамдардың тізімін жариялады.

Қазақстанда магистратураға грантқа түскен адамдардың тізімі жарияланды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Биыл конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысқан. Білім беру гранттары кешенді тестілеунәтижесі бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысыпты.
— Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі,- делінген ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығы сайтынан көре аласыздар.