Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды. Жер сілкінісі бесінші ақпанда сағат 13.42-де тіркелген. Табиғаттың тосын мінезін Алматы және Жетісу облысының тұрғындары сезінген. Сейсмологтар жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқанын хабарлады.
Жер сілкінісі Жетісу облысында үш балл, Алматы облысында екі баллды көрсеткен.
Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі тіркелген аймақтарда тіркелген елдімекендердің тізімін жариялады.
Жетісу облысы:
Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 3 балл,63 км;
Текелі қаласы – 3 балл, 74 км;
Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы – 3 балл,79 км;
Сарқанд ауданы, Сарқанд қаласы- 3 балл ,84 км;
Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті – 2 балл, 95 км;
Талдықорған қаласы – 2 балл, 109 км;
Көк Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл, 139 км;
Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы – 2 балл, 147 км;
Көксу ауданы, Балпық-Би ауылы– 2 балл, 117 км.
Алматы облысы бойынша:
Ұйғыр ауданы, Чунджа ауылы – 2 балл,1 29 км;
Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 2 балл, 151 км;
Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл, 158 км;
Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы – 2 балл, 165 км.