Қазақстандық оқушылар ІІ тоқсанды аяқтап, қысқы каникулға шықты. Әрбір ата-ана перзентінің бос уақытын ұйымдастырумен бас қатырады. Бірі баласын ойын-сауық орталықтарына апарса, енді бірі ағайынның үйіне жібереді.

Алайда, баланың қиялын ұштап, оқуға деген қызығушылығын ояту үшін педагогтер мен кітапханашылар кітап оқудың маңызы көп екенін айтады.Алайда кітап оқығысы келмейтін, оқулықты ашпайтын бала көп. Сол себепті Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары оқуға оңай кітаптардың тізімін жасады.

  • Ақберен Елгезек «Болмаған балалық шақ»;

  • Шерхан Мұртаза «Ай мен айша»;

  • ⁠Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді»;

  • ⁠Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»;

  • ⁠Төлен Әбдік «Оң қол», «Қонақтар»;

  • Исабаева Э.Н «Қиял - ғажайып ертегілер»,«Аңыз әңгімелер»;

  • ⁠«Шығыстың ұлылары» топтамасы;

  • Бейбіт Қойшыбаев «Ғажайып шақ»;

  • ⁠Алдаркөсе мен Қожанасыр хикаялары;

  • «Алпамыс батыр» жыры;

  • ⁠Грим Я «Қызыл телпек».

Көркем әдебиетті кітапханалардан алып оқуға болады.

2025 жылы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасына 15 жасқа толмаған 750 оқушы тіркелген.

Кітапханаға тіркелу үшін баланың жеке төлқұжаты керек. Олар ата- анасымен, бауырларымен бірге тіркеле алады.