2 часа назад

Маңғыстауда қыздардың төбелесі үшін ата-аналар жазаланды

Маңғыстау облысында қыздардың төбелесіне қатысқан оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылды.

Қыздардың төбелесі үшін ата-аналар жазаланды
Фото: dalanews.kz.

Жаңаөзенде полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларының қатысуымен болған қатыгез төбелестің видеосы тарағаннан кейін әкімшілік тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Маңғыстау облысының білім басқармасы хабарлағандай, оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды.

— Оқиға сабақ уақытынан тыс уақытта болған. Қазіргі таңда Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы әкімшілік іс қозғады, — делінген хабарламада.

Басқарма мәліметінше, кәмелетке толмағандардың ата-аналары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, бұл мәселе Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралады.

— Осыған байланысты жауапты тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылатын болады. Жағдай Маңғыстау облысының білім басқармасының ерекше бақылауында тұр, — деп хабарлады ведомство.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp