Ел аумағында «Береке Fest» акциясы өтпек. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Науқан 22 желтоқсаннан басталып, 31-не дейін жалғаспақ. Осы акцияға еліміздің 80-нен астам ірі сауда желісі қатысып жатыр.

– Бұл бастама еліміздің барлық өңірін қамтып, ең алдымен, халық тұтынатын негізгі тауарлардың бағасын тұрақтандыруға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға және қазақстандық өнімнің халыққа қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бағаның төмендеуі сауда желілерінің сауда үстемесін азайтуы мен фермерлер мен сауда орындары арасындағы тікелей байланыстарды жолға қою нәтижесінде мүмкін болды. Бұл - делдалдарды айналып өтіп, өнімнің тікелей жеткізілуіне жол ашты. Осы бастама аясында сауда желілері сауда үстемесін төмендетіп, нәтижесінде тек Отандық өнімдер ғана емес, импорттық тауарлар да жеңілдікпен ұсынылуда,-деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.

«Береке fest» акциясы аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар арзан бағамен саудаланады. Бұған дейін осы науқан қыркүйек пен қазан айында ұйымдастырылды.