Соңғы он тәулікте құтқарушылар қар құрсауында қалып, көмек сұраған 145 адамды құтқарған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аман қалғандардың 17-сі бала екен. Сондай-ақ, құтқарушылар 48 автокөлікті шығарыпты.
– ТЖД қызметкерлері өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізуде. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда,–деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылар қолайсыз ауа райында жолдардың жай-күйін бақылап, алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Ал жолдардың жай-күйін 1403 нөміріне қоңырау шалып, білуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, жақында батысқазақстандық құтқарушылар үш адамды қар құрсауынан құтқарды. Жүкті келіншек, бала мен ер адам медициналық көмекке жүгінбеген еді. Оларды төтеншеліктер Жымпиты ауылына жеткізді.
БҚО-да құтқарушылар қар құрсауынан жүкті келіншек пен баланы құтқарды