2025 жылы БҚО-да 7771 бала медициналық көмекке жүгінген
Жарақат алғандар облыстық көпбейінді облыстық балаларға арналған ауруханада қаралған.

Биылғы жылдың бірінші мамырына дейін облыста 7771 жасөспірім жарақат алыпты. Былтырғы жылдың төрт айында 7017 кәмелетке толмаған медициналық көмекке жүгінген. Жыл санап жарақат алғандардың саны артып келеді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Жарақат алғандар облыстық көпбейінді балаларға арналған ауруханаға жүгінген. 30 сәбиді күйіп қалды. Дәрігерлер бүлдіршіндердің 2025 жылы биіктен және терезеден құлау фактілері тіркелмегенін хабарлады.
Жастайынан бүлдіршіндердің жарақат алуы- балалар мүгедектігінің бірден-бір себебі. Дәрігерлер кәмелетке толмағандардың жарақаттануы және оның алдын алу маңызды әлеуметтік проблема деседі. Оның алдын алу үшін тек медицина қызметкерлері ғана емес, күллі қоғам болып ат салысу керек пікірде.
Фото: pixabay.com