4 маусым - рәміздер күні
Орал қаласында рәміздер күніне орай Тұңғыш президент алаңында салтанатты іс-шара өтті.

Орал қаласында рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті. Іс-шара Тұңғыш президент алаңында ұйымдастырылды.
Оған ардагерлер мен жастар қатысты. Алаңда ту көтеріліп, гимн орындалды. Рәміздер күнімен аймақ басшысы құттықтады.
- Қазақстан Республикасының рәміздері –Ту, Елтаңба және Гимн – біздің Тәуелсіздігіміздің символы, халқымыздың бірлігі мен егемендігінің көрінісі. Олар ұлттың рухын көтеріп, елдіктің нышанын айқындайтын белгілер. Бүгінде көк Туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде, әлемнің ең биік шыңдарында, спорт ареналарында желбіреп тұр. Гимніміз халықаралық жарыстарда шырқалып, елімізді бүкіл әлем танып келеді. Бұл – барша халқымыздың ортақ жеңісі, - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.
Салтанатты шарада мерекенің мән-маңызын қала тұрғындарынан сұрадық. Көпті көрген ақсақалдар рәміздерді елдік пен егемендіктің символы деген пікірін айтты.
- Бүгінгі күнді-ең қасиетті күн деуге болады. Қаншама адам біздің тарихымызда обыр заманынан бері қарай рәміздер қадірленген. Сол кешегі аталарымыз сол тумен жүріп, елімізді, жерімізді қорғады. Қазіргі рәміздеріміз бейбітшілікке, болашағымызға үндейді. Елтаңба дегеніміз -салтымыз, мәдениетіміздің көрінісі. Жастарымыздың бәрін Отан үшін күрестіретін, сол үшін жанын беретін Отаншылдық рухта тәрбиелейтін нағыз бас сүйетін- әнұранымыз.Қазақстанымыздың туы биік болсын. Болашақ ұрпақ жақсылығын көрсін. Еліміз аман болсын, - дейді «Нарын қасіреті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайролла Сабиров.
Рәміздерімізді қадірлеу әрбір адамға парыз. Десек те, қастерлі дүниені аяққа басып, қоқысқа да тастап жатады.
Жастар мұндай арсыздықтың алдын алу үшін рәміздерді тек мерекеде ғана емес, жыл он екі ай бойы қадірлеу керек деген ойда.
-Жастар үшін- рәміздер күнінің маңызы зор. Себебі бұл күн елдің тәуелсіздігі мен бірегейлігін айқындайтын, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсететін маңызды күннің бірі болып табылады. Рәміздер күні Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, тарихи санамен, жауапкершілікті арттырады, - дейді Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Жанат Жандаулетова.
1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. Елімізде 2007 жылы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» заң қабылданды. Осы заңға сәйкес қазақстандықтар 4 маусымда Рәміздер күнін тойлайды.
4 июня в Казахстане отмечают День госсимволов