Бесінші мамырда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын "Қазтест" сынағын тапсыруға болады. Сынақ құны 7121 теңгені құрайды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
Қазақ тілінің емтиханы Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Талдықорған, Түркістан қаласында өтеді.
Сынақ тапсыру үшін 24 сәуір мен үшінші мамыр аралығында өтініш беру керек. Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:
Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс. Жазылым және Айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады.