Биыл елімізде 2655 жас маман "Жастар тәжірибесі" арқылы жұмысқа орналасыпты. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Министрлік 2026 жылы осы бағдарламамен 25 мың адамды қызметке тұрғызуды жоспарлап отыр.

"Жастар тәжірибесі" бағдарламасымен ең көп Түркістан облысында еңбекке араласқан. Ер Түріктің мекенінде 754 адам жұмысқа орналасқан. Ақтөбеде 197, Алматыда 168, Қызылорада 165, Шымкентте 239 тұрғын бағдарламаның шарапатын көріпті.

- Жастар практикасына қатысатын ауыл тұрғындарының үлесі – 1,6 мың адамды немесе 59,7%-ды құрайды. Алынған мамандық (біліктілік) бойынша бастапқы еңбек тәжірибесін жинақтау мақсатында білім беру ұйымдарын аяқтаған, жасы 35-тен аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасының қатысушылары бола алады. Ол үшін мансап орталығына өтініш беру қажет. Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыларға кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін үйрету үшін тәлімгер бекітеді. Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 129 мың теңгені құрайды, -деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жастар практикасы арқылы жұмысқа орналасқандар арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар: медицина қызметкерлері, заңгерлер, шет тілі мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін ұстаздар, техник-бағдарламашылары бар.