• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Айзат Жұманованың резонансты ісі: апелляциялық сот шешім шығарды

Аппеляциялық сот отырысында үкім өзгеріссіз қалды.
Айзат Жұманованың резонансты ісі: апелляциялық сот шешім шығарды
Фото ашық көздерден алынған

2026 жылғы 25 ақпанда Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы 33 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленуші тараптың шағымын қарады. Марқұмның туыстары істі қайта саралап, оның жұбайына тағайындалған жазаны қатаңдатуды сұраған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Апелляциялық сот бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылдың жазында Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Отбасылық жанжал барысында ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан. Алған жарақаттары салдарынан әйелі көз жұмды.

Биыл тоғызыншы қаңтарда сот Айбар Жанболатты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.

Алайда жәбірленуші тарап сот үкімімен келіспей, жазаны қатаңдатуды талап еткен еді. Олар істі неғұрлым ауыр бап бойынша қайта саралау қажет екенін алға тартқан.

Главный баннер --> after article