8 часов назад

Ақтөбе облысында балаларға арналған оңалту орталығы ашылмақ

Қазіргі таңда Темір ауданында құрылыс жұмыстары басталды.

Ақтөбе облысында балаларға арналған оңалту орталығы ашылмақ
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбе облысына қарасты Темір ауданында мүгедектігі бар балаларды оңалтуға арналған орталық ашылмақ. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі хабарлады. Жаңа нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оңалту орталығы «Қазақстан халқына» қоры мен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асып жатыр.    

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның таратқан ақпарына сүйенсек, аймақта 30 мыңнан астам мүгедектігі бар адам бар. Оның 5600 жуығы бала. Мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қызмет порталы арқылы қолдау жүргізіледі. 

Порталда техникалық құралдар мен қызметтердің 55 түрі бар. Күні бүгінге дейін әлеуметтік қолдау арқылы 10 319 адам қызмет алыпты. 959 тұрғын «Инватакси» қызметін пайдаланып отыр. Мүгедектігі бар жандарға 119 темір тұлпар қызмет көрсетеді. Бұдан өзге, 112 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 337 маман үйге барып көмек береді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp