Ақсайда жеделсатыны ауыстыру үшін аудандық бюджетттен 74 млн теңге бөлінді
Аудандық бюджет есебінен бес көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатысы алмастырылмақ.
Биыл Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында бес көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатысы алмастырылмақ. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мәлімдеді. Бөрлі ауданының бюджеті есебінен бес үйдің жеделсатысын алмастыру үшін 74 миллион теңге қаражат бөлінген.
– «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2025 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде Ақсай қаласы бойынша бес жобаға 77,7 миллион теңге қаражат бөлінді. Бес лифт қайта жаңартылды. Бүгінгі күні бес жоба бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, нәтижесінде 365 адам жаңа қауіпсіз лифтті пайдалануда, — деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы.