6 часов назад

Қазақстандық кәсіпкерлер TikTok арқылы жүздеген миллиард теңге табыс тапқан

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік желі арқылы табыс тапқан бизнес иелеріне қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстандық кәсіпкерлер TikTok арқылы жүздеген миллиард теңге табыс тапқан
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен TikTok платформасының бірлескен зерттеуіне сәйкес, 2024 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес өкілдері әлеуметтік желі арқылы 219 438 миллиард теңгеге дейін табыс тапқан,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зерттеу нәтижесінде сұралған 308 кәсіпкердің әр алтыншысы өз табысының кем дегенде жартысын TikTok арқылы тапқанын айтқан. Кәсіпкерлер платформаны өнімін жарнамалау, жаңа клиент тарту және бренд танымалдылығын арттыру үшін тиімді құрал деп бағалайды.

Зерттеуге сүйенсек, TikTok-ты белсенді пайдаланып отырған компаниялардың төрттен бірі Астана мен Алматы қалаларында орналасқан. Бұл қалаларда әлеуметтік желі арқылы бизнес жүргізу үрдісі ерекше дамып келеді.

Сарапшылардың пікірінше, TikTok бүгінде қазақстандық кәсіпкерлер үшін тек жарнама құралы емес, нақты табыс көзіне айналған.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан кәмелетке толмағандарға TikTok-қа кіруге тыйым салуды ұсынған болатын.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp