7 часов назад

БҚО-да 1200-ден астам баланың құқығы бұзылды

Батыс Қазақстан облысының прокурорлары тексеріс жүргізді.

БҚО-да 1200-ден астам баланың құқығы бұзылды
Фото "ЖИ" көмегімен жасалды

Сырым ауданының білім беру бөлімі биыл ауылдық мектептерде бастауыш сыныпта оқитын оқушыларды тамақтандыру үшін 71 720 388 теңгеге тендер ұйымдастырған. Осы міндетті орындау үшін тоғыз мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланыпты. 

Батыс Қазақстан облысының прокурорлары конкурстық құжаттаманы зерделеу арқылы білім бөлімі әзірлеген перспективалық мәзір санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады. Мәзірде белгілі бір күндері балаланың күнделікті тұтынатын рационында сүт, қант пен май жетіспейді екен. 

Сондай-ақ ас мәзіріне бес компонеттен тұратын күрделі салат енгізілген. Бұл жаңашылдық «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа қайшы келеді екен. Сырымдық атқамінерлер балаларды тамақтандыруға арналған мәзірде сусынның мөлшерін де дұрыс көрсетпеген. Прокурорлық қадағалау қызметінің арқасында оқушыларды тамақтандыруға арналған тендердің күші жойылыпты.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp