БҚО-да ауыл әкімі орындалмаған жұмыс үшін ақша аударған

Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл ауылының әкімі шағын футбол алаңының жөндеу жұмыстары аяқталмай, толық ақысын аударғаны анықталды.

БҚО-да ауыл әкімі орындалмаған жұмыс үшін ақша аударған
Автордың фотосы

Әдеп жөніндегі кеңесте Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Екпін Тнәлиевтың ісі қаралды. Атқамінер өткен жылы ауылдағы шағын футбол алаңын жөндеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырыпты. Тендерді «Islam» жеке кәсіпкері ұтып алыпты. Жөндеу жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен алты миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Әкім былтыр шағын алаңның жөндеу жұмыстары аяқталмастан, бөлінген қаражатты толықтай аударып жіберген. Биылғы жылдың наурызында аудан прокурорлары тексеріс жүргізіпті.

— 28 наурыз 2025 жылы аудан прокуратурасымен фото және бейнетіркеуді қолданыла отырып, шағын футбол алаңын көзбен шолу жүргізілді. Тексеру барысында шағын футбол алаңында резеңкелі ұнтақ негізінде орама жабынмен жабдықталмағаны анықталды. Урналар мен орындықтар қанағаттандырықсыз жағдайда, тот басқан, сырланбаған. Шамдар жұмыс істемейді. Бұдан басқа бірқатарлы, қисық өсімдіктердің тірі қоршауына ағаш көшеттері отырғызуға, жүзеге асырылмаған.Сметалық құжаттамаға басқа да көптеген ауытқуларға жол берілді. Талдаумен Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Тнәлиев орындалған жұмыстар актісіне қол қойған және іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін сметалық құжаттамаға толық сәйкес алты миллион теңгеден астам бюджет қаражатын төленгені анықталды, - дейді Орал қаласы прокуратурасының аға прокуроры Ахат Анесов.

Егіндікөл ауылының әкімі Екпін Тнәлиев болса, ауа райының қолайсыздығына байланысты жасанды газонды төсеу мен барлық сырлау жұмыстарын күн жылынған шаққа ауыстыру туралы шешім қабылданғанын жеткізді. Ол қарашада төселген газон мен сырланған бағананың сыры сапасыз болатынын мәлімдеді. Әкім Тнәлиев ұзақ жылдар бойы спорт саласында тер төккен. Ол ақшаны жыл соңында аудармасам, мердігер компания сотқа беріп, жөндеу жұмыстарының уақыты созылатын еді деп хабарлады. Өткен жылы тендер ұтқан компания кепілдік хатын жазып, олар биыл жөндеу жұмыстарын толықтай аяқтапты.

— Газонды жөндеу жөндеу жұмыстары бойынша 2024 жылдың қазан айында ұтып алған мердігер өз жұмысын бастап кетті. Бірақ әртүрлі кедергілерге байланысты, Ақтөбе жақын болғасын мына Егіндікөл ауылы уақытында материал жетпеді. Жолымыз шамалы. Езіліп кетеді. Келген «ПГС» материалдары жолдан кері қайтқан кездері болды. Жұмыс жай басталды. Содан жұмыстың аяқталуына келгенде бәрі бітіп тұрып, стяжка төседі. Төсегенде стяжка істегенде мұз болып, қатып қалды. Ауа райына байланысты.Соған байланысты тек ғана сырлау және газон төсеу жұмыстары қалды. Ол кезде бейнероликте көрсеткендей біздегі стяжка қазір көктемгі уақыты анау күздегі жазғы уақытқа еріп, бәрі күл болатынын біліп, мен соны ескеріп, газонды төсетпей қойған едім, - дейді Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Екпін Тнәлиев.

Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері істі зерделеп, Егіндікөл ауылдық округінің әкіміне қызметіне толық сәйкес келмейді деген ескерту түріндегі жаза беруге біраздан дауыс берді. 2025 жылы кеңес тоғыз істі қарады. Қаралған бір іс қысқарды. Заң бұзған мемлекеттік қызметкерлер қызметінен кетіп, түрлі жазаны арқалады.

БҚО-да үш мемлекеттік қызметкерге ескерту берілді

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp