Батыс Қазақстан облысында той кортежін ұйымдастырып, оған қатысқандар жазаланды. Оқиға Ақсай қаласында тіркеліпті. Кортеж ұйымдастырған жүргізушілер мен жолаушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырыпты. Жалпы 23 адам жауапқа тартылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында 20-дан астам құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесіпті.

- Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында барлық көлік анықталып, арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізушілер мен жолаушылар қауіпті маневр жасау, апатты жағдай туғызу, көлік люгінен шығу, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бойынша жауапкершілікке тартылды, -деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.