Әлеуметтік желілерде жол бойында велосипед тепкен балалардың бейнежазбасы таралды. Жолда жүйіткіген көліктердің бірде-біреуі балақайларға тоқтамай, жанынан өте берген. Тек белгілі бір уақыт өткеннен кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жеткен. Олар балаларды ата-анасына табыстапты. Болған жайт 28 наурыз сағат 15.00 шамасында Атырау облысына қарасты Индер ауданында тіркелді.
- Индер ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Арман Кубашев, бейнебақылау камераларының жарамдылық жәй-күйімен танысу барысында, Индер ауданы Уалиханов көшесі бойында екі бүлдіршіннің жол бойында ойнап жүргенін байқап, жақын аумақта өтіп бара жатырған полиция қызметкерлерін шақыртып оқыс-оқиғаның алдын алу мақсатында нұсқау берген болатын, -деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларды көзден таса қылмай, мұқият болуды еске салады.