20 часов назад

Өліммен арпалыс: Оралда әйел адам судан аман қалды

Құтқарушылар Жайық өзенінен суға батып бара жатқан әйелді құтқарды.

Өліммен арпалыс: Оралда әйел адам судан аман қалды
БҚО ТЖД фотосы

Оралда құтқарушылар Жайық өзенінен әйел адамды құтқарды. Оқиға 12 маусым күні тіркеліпті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Құтқарушылар трансшекаралық өзенді патрульдеу барысында жағадан тайып құлап, суға бата бастаған әйелді тауыпты. Зардап шеккен тұрғын 1991 жылғы екен. Жедел-құтқару жасағының көмегімен әйел адам құтқарылып, мамандар жағаға жеткізген.

Құтқарушылар тұрғындарға тыйым салынған жерлерде және түнде шомылмауды, суда құтқару құралдарын пайдалануға және балаларды қараусыз қалдырмауды еске салады.

БҚО ТЖД фотосы 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp