2 часа назад

Маңғыстауда ағаш базары өртке оранды

Тілсіз жауды сөндіру үшін 13 бірлік техника мен 50 қызметкер жұмылдырылған.

Маңғыстауда ағаш базары өртке оранды
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің видеосынан стоп кадр

«Маңғыстауда ағаш базарынан өрт шықты», деп облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды. Қызыл жалын Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылдық округінің өндіріс аумағында тіркелген. 

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер ағаш қалдықтарының жанғанын анықтапты. Тілсіз жау 300 шаршы метрге таралған. Базардың жалпы аумағы 2075 шаршы метрді құрайды екен. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіру қиындығына байланысты екінші ранг бойынша техника жіберген. Төтеншеліктер 100 текше метр ағашты аман қалды. 

Тілсіз жауды сөндіру үшін 13 техника мен 50 маман жұмылдырылған.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp