Қазақстанда 52 адам террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін сотталды

Сотталғандардың екеуі - шетел азаматы.

Қазақстанда 52 адам террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін сотталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

2025 жылы елімізде 52 адам террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін сотталды. Жаза арқаланғандардың екеуі шетел азаматы екен. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Қазіргі таңда 52 адамға қатысты тергеу жалғасуда.

— Шымкент қалалық соты 2025 жылғы мамырда осы мегаполис тұрғынын терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айырды.Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген қылмыстық іс аясында ол айналасындағы адамдарды өлтіруге шақырып, діни негізде зорлық-зомбылықты ақтағаны анықталды, - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Маусым айында Атырау мен Ақтөбе облысында діндарлар арасында терроризмді насихаттанғандар сотталды. Соттың шешімімен заң бұзғандар жеті және алты жылға бас бостандығынан айырылған. Сотталғандардың бұрын қылмыс жасап, террористік белсенді аймақтарға шығуға әрекеті үшін соттылығы болыпты. Оларға қатысты сот үкімі заңды күшіне енген.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp