Білім беру бөлімінің басшысы мен 7 есепші сотталды
Алматы облысында білім беру бөлімінің басшысы мен жеті есепшінің ісі аяқталды.

Алматы облысында жұмыс істемеген адамдарға жалақы аударған білім беру бөлімінің басшысы мен жеті есепші сотталды. Олар еңбек қызметін орындамаған жандарға 686 миллион теңге қаражат аударып, қазына қаржысын жымқырған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Агенттіктің таратқан ақпарына сүйенсек,Іле ауданының білім беру бөлімінің басшысы Ляззат Каткеева лауазымын асыра пайдаланғаны да анықталыпты. Ол өзінің жүргізушісін қарамағындағы мектеп-гимназияға кәсіптік бағдар беруші лауазымына жалған жұмысқа орналастырған.
Осылайша білім ордасы жүргізушіге 4,9 миллион теңге көлемінде заңсыз жалақы төлеген. Сот бөлім басшысына өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым сала отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті. Ал, жеті есепші мемлекеттік қызметте он жылдай жұмыс істеуіне тыйым салынып, 7-8 жыл бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
- В ЗКО мужчина убил зятя из-за конфликта с сестренкой
- 16 млн тенге отдал мошенникам доверчивый актюбинец
- Бухгалтер-лудоман оставил без зарплаты десятки работников предприятия ЗКО
Фото: pexels.com