Жылумен бапталған жануарлар мекені
Оралдық хайуанаттар бағының тыныс-тіршілігі

Орталық Шаған өзенінің жағасында орналасқан. Оның аумағы бес гектар жерді құрайды. Сонау 70 жылдары облыс орталығында жас натуралисттер станциясы болып құрылған. Ал, 2008 жылдан бастап мекеменің атауы өзгеріп, облыстық экологиялық-биологиялық орталық деген атауға ие болды.
Мекеме үш бағытта жұмыс істейді.Мамандар жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі және экология бағытында тер төгеді. Мақсаты – балаларға қосымша білім беру. Оқушылар табиғат аясында тыныстап, игі істер жасап, тәжірибе жинақтайды. Орталықтың үйірмелеріне қала мектептерінде оқитын 500-ден астам оқушы қатысады. Үйірме тәрбиленушілерінің жетістіктері көп. Олар түрлі бағытта ғылыми жоба қорғап, егіз жүз мың, миллион тенгелік гранттарды иеленген.
Орталықта 36 адам жұмыс істейді. Оның он бірі - педагог. Мамандар өсімдіктерге күтім жасап, жануарларға қарап, келушілерге қолайлы жағдай туғызады.
Экзотикалық және жыртқыш аң-құсты күтіп-баптау ерекше дайындық қажет. Орталықта жыртқыштар, тұяқтылар, бауырымен жорғалаушылар, кеміргіштер және өзге де сирек кездесетін құстар мен аңдар мекендейді.
Орталықты қандай жануарлар мекен етеді? Оларға қандай жағдай жасалған? Орталықта аңдармен қоса қандай өсімдіктердің түрі бар? Оларды қалай баптайды? Орталық жайлы толығырақ "Мой ГОРОД" порталының YouTube арнасынан тамашалай аласыздар!