• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанды велосипедпен бағындыруға бел буған Бүрлен Әділет Оралға жетті

Бүрленнің сапары Маңғыстаудан басталған.
Қазақстанды велосипедпен бағындыруға бел буған Бүрлен Әділет Оралға жетті
Видеодан стоп кадр

Қытайда дүниеге келіп, тарихи Отанын көзбен көруді мақсат тұтқан жас саяхатшы Бүрлен Әділет Оралға табан тіреді. Бұл туралы облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жас саяхатшы Қазақстанды велосипедпен аралауды мақсат тұтып отыр. Бүрленнің сапары Маңғыстау өлкесінен басталған. Ол ел ішіндегі саяхатты батыс өңірінен бастауды тиімді деп тапқан екен.

-Бүрленнің бұл қадамы жастарға үлгі. Ол туған жердің кеңдігін, табиғатының сұлулығын өз көзімен көріп, әр шақырымын жүрегімен сезінуді таңдады. Велосипедпен жүріп өтетін бұл сапар – төзім мен табандылықтың нағыз сынағы. Оның үстіне саяхатшы қыз осы сарары арқылы елдің туристтік тартымдылығын күшейткісі келеді. Бүрлен Әділеттің жолы сәтті, сапары мәнді болсын!, -деді Батыс Қазақстан облысы спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.

Главный баннер --> after article