Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
14 мыңнан астам шетелдік ел аумағында арнайы рұқсат алып, еңбек етуде.
2025 жылы Қазақстанда 14 мың 666 шетел азаматы ресми түрде жұмыс істейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Қазақ жерінде еңбек етіп жүргендердің басым көпшілігі- Қытай, Өзбекстан, Түркия мен Үндістанның азаматы.
— Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 896 жұмыс беруші бар. Оларда 339,1 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%.Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер: құрылыс саласында – 4 799 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 3 065 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 187 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 085 адам, — деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын береді. Биыл квота 14 мың 800 адамға берілген. Келесі жылы квота саны артып, 19 мың 400 адамға Қазақстанда ресми жұмыс істеуге мүмкіндік берілмек.