Синоптиктер Оралда алтыншы сәуірде жауын-шашын күтіледі деп хабарлады. Дүйсенбі күні күндіз ауа температурасы 12 градус нөлден жоғары, түнде +6 градус болмақ.
Алтыншы сәуірде Ақтөбеде жаңбыр күтілмейді. Ауа температурасы түнде +7, күндіз 19 градус жылы болмақ.
Ал, Атырауда күндіз +18 градус, түнде +14 градус жылы болмақ. Жауын-шашын күтілмейді.
Дүйсенбі күні Ақтауда да жаңбыр жауады. Бұл туралы world-weather.ru сайты хабарлады. Синоптиктер таратқан ақпаратқа сүйенсек, Маңғыстау облысының орталығында түнде +12, күндіз +15 градус жылы болмақ.