6 часов назад

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік салығына қатысты өзгерістер күшіне енеді

Жеңіл көліктің коэффициенті өзгермек.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік салығына қатысты өзгерістер күшіне енеді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстанда көлік құралдарына арналған өзгеріске ұшыраған салық өз күшіне енеді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары хабарлайды.

2026 жылдан бастап жеңіл көліктерге түзетуші коэффициенттер өзгереді. Автокөлікті он жылдан асқандарға 0,7, ал 20 жылдан асқан темір тұлпарларға 0,5 коэффицинеті қолданылады.

Жаңашылдықтарға сәйкес шаруа немесе фермерлік шаруалықтарға жеңілдік көзделген. Әрбір шаруашылықтың бір пикабы салықтан босатылды. Сондай-ақ көліктің жүк платасы және жүргізуші кабинасы қатты бөгенмен бөлінген болуы тиіс.

— Көлік құралдарының санаттарын нақтылау. Санат енді жүргізуші куәлігінің категориясына (A, B, C, D) сәйкес анықталады. Ал кузов түріне (пикап, джип, лимузин, фургон) байланысты болмайды.Кейбір көліктер үшін ставкалар алынып тасталды. 3000 см³ астам қозғалтқыш көлемі бар. 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өндірілген немесе әкелінген жеңіл көліктер. Есептілікті жеңілдету бар. Заңды тұлғалар мен ЖШС қазіргі төлемдер бойынша есеп бермейді.Салық төлеуші тек жылдық декларацияны береді және сәйкес салықты төлейді, —  делінген облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.

Сала мамандары жаңашылдық оң әсері көп,- деседі. Әкімшілендіруді жеңілдетуге, ескі көліктердің иелеріне салықтық жүктемені азайтып, шаруаларды қолдап, есеп-қисапты айқын әрі қарапайым етуге бағытталған екен.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp