660 мың қазақстандық ұлттық спорт түрімен шұғылданады

Туризм және спорт министрлігі жылдан-жылға ұлттық спортты жанына серік қылғандардың саны өсіп келе жатыр деп хабарлайды.

660 мың қазақстандық ұлттық спорт түрімен шұғылданады
Ақтөбе облысы әкімдігінің фотосы

Елімізде ұлттық спортпен шұғылданатын жандардың саны өсіп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 660 мың қазақстандық ұлттық спортты жанына серік қылыпты. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады. Спорт сүйер жандармен 1700-ден астам жаттықтырушы жұмыс істейді. Олардың басым көпшілігі ауылдық жерде. Қазақстандықтар арасында қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар,бәйге, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек танымал. 

Сала мамандары Қазақстанда 2018 жылы 375 926 адам ұлттық спорт түрімен шұғылданғанын хабарлады. Министрліктің таратқан ақпарына сүйенсек, ел аумағында ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында 15 балалар-жасөспірімдер мектебі, 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Ел аумағында жыл сайын мыңнан астам ұлттық спорт түрінен түрлі сайыс ұйымдастырылады екен.



Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp