Ақтөбе ауруханаларында көрсетілмеген қызмет үшін қаржы төлеген
Заң бұзушылықтарды прокурорлар анықтады.

Ақтөбе облысының прокурорлары өңірдегі ауруханалардың жұмысы мен қаржылық, медициналық есебін тексерді.Тексеріс нәтижесінде жалпы соммасы 80 миллион теңгенің заңсыз төлегені анықталды. Мысалы, Қобда ауданында ем-дом шараларын бірнеше рет қайталап жазу, көрсетілмеген қызмет пен диагностикалық қызмет үшін 20 миллион теңге ақы аударыпты.
Сонымен қатар, лицензияға тиісті қосымшалар болмаса да, 45 миллион теңгеден астам соммаға амбулаториялық-емханалық көмек заңсыз көрсетілген. Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін аурухана қызметкерлері де медициналық қызмет көрсеткені анықталып отыр. Қызмет үшін 11 миллион теңге аударылған.
Мәселен, Қобда ауданында аурухананың іс жүргізушісі үш миллион теңгеден астам қаржыға психологиялық кеңес берген. Прокурорлық қағадалаудың арқасында қазына қаражаты қайтарылып, лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Қазақстанда 3 бала терезеден құлап, мерт болды
- БҚО-да КПО б.в компаниясы экологияға нормадан тыс залал келтіргені үшін айыппұл арқалады
Фото: pexels.com