Ақтөбеде бір күнде 12 рет жол ережесін бұзған шетелдік жүргізуші анықталды
Жүргізушінің 11 айда 250 аса жол көлік ережесін бұзғаны анықталды.

Ақтөбе облысында 11 айда 250 аса көлік ережесін бұзған шетелдік жүргізуші анықталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. Қарғалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған шетелдік жүргізушіні қолға түсіріпті. Ол бір күн күнде 12 мәрте ереже бұзған.
Жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырумен байланысты болған. Бұл жолаушылардың өміріне тікелей қауіп төндірген. Тәртіп сақшылары шетелдік азаматтың Ақтөбе-Орск бағытында адамдарды тасымалдағанын анықтапты.
Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылған. Жүргізуші барлық айыппұлын төлегенде ғана, темір тұлпарын қайтара алады екен.
- Ақтөбеде азаматтарды 50 млн теңгеге алдаған алаяқтар қолға түсті
- Ақтөбеде жалған құжат жасап, жүк көлігін заңсыз тіркеген қылмыстық топ құрықталды
- Ақтөбе облысында су бөгетінің құрылысына салғырт қарағандар жауапқа тартылды
Фото: pexels.com