Атырауда газ құбырын ұрлағандар мемлекеттік компанияға келтірген материалды шығынды толықтай өтейді. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды. Құбыр ұрлағандардың кінәсі дәлелденіпті. Олар сот үкімімен түрлі мерзімге жаза арқалады. Алайда мемлекеттік компанияға келтірген шығынды өтеу мәселесі өз шешімін таппай келіпті. Компанияның азаматтық талабы қанағаттандырылмапты. Осы сауалдың нүктесін кассациялық сот қойды. Оның шешіміне сәйкес сотталғандар 3,4 миллион теңге материалды шығынды өтемек.