Қазақстанда жыл сайын 2000 әйелден жатыр мойыны обыры анықталады
Әлемде жыл сайын жатыр мойыны обырынан 300-ге жуық әйел көз жұмады.

Қазақстанда жыл сайын 2000-ға жуық жатыр мойыны обырының жаңа жағдайы тіркеледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Жыл сайын осы дерттің кесірінен әлемде 300-ге жуық әйел адам қаза табады.
Дәрігерлер жатыр мойны обырының негізгі себебі- жоғары онкогендік қауіпті адам папиломасы вирусының 16 және 18 типтері екенін айтады. Індетті анықтау үшін уақытылы профилактикаға ден қойған жөн.
Дертке қарсы вакцина салғызу аса маңызды деседі. Екпе тұрақты иммунитет қалыптастырып, болашақта ауру таралуының алдын алуға болады. Адам папилома вирусына қарсы екпе 2024 жылдың бірінші қыркүйегінен басталды.
Бағдарлама 11 мен 13 жас аралығындағы қыздарды қамтиды. 2025 жылы екпенің бірінші дозасын 133 469 қыз бала алса, вакцинаның екінші дозасын 44 956 бұрымды қабылдапты.
Фото: pexels.com