• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 7938 көлік ветеринарлық және фитосанитарлық бақылаудан өткен

Биыл 123 321 тонна жүктің құжаты мен сапасы тексерістен өткен.
БҚО-да 7938 көлік ветеринарлық және фитосанитарлық бақылаудан өткен
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Биыл Батыс Қазақстан облысында 7938 көлік кеденнен ветеринарлық және фитосанитарлық бақылаудан өткен. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сала мамандары 123 321 тонна жүктің құжаты мен сапасын тексерген.

- Дәл осы кезеңде карантинге жатқызылған өнім тиелген 25 103 автокөлік пен 451 теміржол вагоны бақылаудан өтті, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бақылаудың қорытындысы бойынша 60 заң бұзушылық анықталыпты. 19 адам әкімшілік жауапкершілік арқалапты. Талаптарға сәйкес келмейтін 60 темір тұлпарға кері қайтару актілері толтырылыпты. Жүктер тиісті еліне жөнелтілген.

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов «Сырым» және «Шаған» ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау нысандарында болып, жаңғырту жұмыстарымен танысты. Мақсат - тексеріс үдерісін жеңілдету және азық-түлік өнімдерінің биоқауіпсіздігін қатаң қадағалау.

- Аймақ басшысының орынбасары бекеттердің тасымалдаушылар үшін қолайлы әрі заманауи талаптарға сай болуына баса назар аударып, құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды, -деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Главный баннер --> after article