Бөрлі аудандық қоғамдық кеңестің құрамына 21 адам енді

Бөрлі ауданында қоғамдық кеңестің 15-сі азаматтық қоғам өкілдерінен, алтауы -мемлекеттік органдарында жұмыс істейді.

Бөрлі аудандық қоғамдық кеңестің құрамына 21 адам енді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Бөрлі ауданында қоғамдық кеңестің құрамында 21 адам бар. Жаңа қоғамдық кеңес 25 ақпанда қалыптасты. Аудан әкімдігі Бөрліде қоғамдық кеңесі өз жұмысын  Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істейтінін хабарлады. 

Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық бастамамен қызмет атқарады, жергілікті деңгейде маңызды мәселелерді қозғап, қоғамда өз орны бар шешімдер қабылдап отырады. Бөрлі ауданының Қоғамдық кеңесі аудандық, қала және ауылдық округтердің бюджет жобасын, оның атқарылуы туралы есебін, ауданды дамытудың стратегиялық жоспарларын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерін талқылап, ұсыным жасайды.

- Қоғамдық кеңес есепті кезеңде екі  отырыс өткізіп, онда 13 мәселе қаралды, оның ішінде 6 нормативтік құқықтық акт, жеті жоспарлы мәселе, - делінген Бөрлі ауданы әкімдігінің хабарламасында.

Өткен жылы елімізде қайта қоғамдық кеңесті жасақтау туралы шешім қабылданды. Бұл бастама 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік  ережесін» басшылыққа ала отырып, енгізілді. 

Өткен жылдың 30 желтоқсанында аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Комиссия аудан тұрғындарын толғандырған сауалдарды көтеріп, түрлі мәселелерді айтып, қордаланған сауалдарды шешуге ат салысатын жандарды ұзақ іздеп, жіті тексеруден өткізді. Жұмыс тобының бірінші отырысында Бөрлі ауданының қоғамық кеңесінде жеті адам кәсіпкерлік саладан, екі жас, алтауы өзге салада тер төгіп жүргендерден құралды. Қоғамдық кеңестің құрамында алты мемлекеттік органдарда еңбектенетін адам бар.

Қоғамдық кеңестің жұмысы үшін  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы бұйрығымен «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесі бекітілді. Осы ережеге сәйкес қоғамдық кеңес бағыттар бойынша комиссиялар құрып, бюджет, экономика және  ақпараттық-талдау жұмысы, әлеуметтік саясат мәселелерін іске асыру саласында азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және аграрлық саясат мәселелері бойынша жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінде 31 адам бар. Оның төрағасы- Бауыржан Атауов. Биылғы жылдың наурызынан бастап жаңа облыстық комиссия жасақталды. Оның құрамында екі адам мемлекеттік мекемеден, қалғаны үкіметтік емес ұйымдар мен өзін-өзі ұсынғандар екен.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp