2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтарының банктік шоттары 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын салық қарызы болған жағдайда бұғаттала бастайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Қайсар Арын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, қарыз көлемі көрсетілген межеден асқан кезде алдымен салық төлеушіге ескерту хабарламасы жолданады. Егер берешек өтелмесе, банк шоттары, касса және инкассалық өкімдер бойынша шығыс операциялары уақытша тоқтатылады.
Егер салық қарызы 45 АЕК-тен аспаса, әдетте осы шаралармен шектеледі. Ал берешек 45 АЕК-тен жоғары болған жағдайда қатаң шаралар қолданылады.
Бұл жағдайда салық органдары:
Дебиторлардың шоттарындағы қаражатты өндіріп алуға;
Мүлікті түгендеп, оны сатуға,
Ал төтенше жағдайда сот арқылы банкроттық рәсімін бастауға құқылы.
Жаңа талаптар салықтық тәртіпті күшейтуге және берешек көлемінің өсуіне жол бермеуге бағытталған.