Оралда “Жайық” өзені арқылы өтетін көпір жөндеуге жабылады.

Жөндеу жұмыстары 1 тамызға дейін жалғасады.

Оралда “Жайық” өзені арқылы өтетін көпір жөндеуге жабылады.
“ҚазАвтоЖол”ҰК”АҚ БҚО филиалының фотосы


Орал қаласында “Жайық” өзені арқылы өтетін көпір жөндеуге жабылады деп “ҚазАвтоЖол” Батыс Қазақстан облыстық филиалы хабарлайды. Көпір 17 шілдеде  20.00-де жабылмақ. Жөндеу жұмыстары бірінші тамызға дейін жалғаспақ. 

- “ҚазАвтоЖол” ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы халықаралық маңызы бар KAZ10 «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы (Сырым ө/п)» автомобиль жолында орташа жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар шеңберінде 254-262 шақырым учаскесінде (Орал қ. және Подстепное а.) «Жайық» өзені арқылы өтетін арна көпірдегі деформациялық тігістерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.

Жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты аталған учаскеде 2025 жылғы 17 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 8:00-ге дейін қозғалысты шектеу енгізілетін болады.

Аталған жөндеу жұмыстарына байланысты, көлік қозғалысы уақытша Жайық өзені арқылы өтетін жаңа көпір арқылы өтетін айналма жолмен жүзеге асырылады (Зачаганск ауылы – Меловые Горки ауылы бағыты бойынша).

Осыған байланысты барлық жол пайдаланушыларынан сапар бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша шектеуді ескеруді сұраймыз,- делінген “ҚазАвтоЖол”ҰК”АҚ БҚО филиалының хабарламасында.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp