Оралда жаяу жүргіншілер жолағында баланы көлік қақты

Оқиға түскі үште болды.

Оралда жаяу жүргіншілер жолағында баланы көлік қақты
Медет Медресовтың фотосы

Оралда 4 маусымда велосипед тепкен баланы көлік қақты. Бүлдіршін велосипедпен  жаяу жүргіншілерге арналған жолақта өтіп бара жатқан. Оқиға Назарбаев даңғылында «Типография» аялдамасының маңында тіркелген. Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасына байланысты ақпар берді. 

— Алдын ала мәліметтер бойынша, «Audi 80» маркалы автокөліктің жүргізушісі Назарбаев даңғылы бойымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, «Типография» аялдамасы маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Оқиға кезінде бала балаларға арналған велосипедпен жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші дереу шақырылған жедел жәрдем қызметімен Орал қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы медициналық мамандардың бақылауында, — деп жазылған Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Көлік қаққан баланың жағдайын білмек мақсатта, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сұрау салдық.

Қазіргі таңжа жол-көлік оқиғасының нақты себебі мен мән-жайы анықталуда.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp