Президент қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
6 шілде-Астана күні.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. Ол еңселі елорданың дамуына тоқталып, бас қаланы Орталық Еуразияның жауһары, замануи Қазақстанның келбеті деп баға берді. Биыл Астана күні Ұлттық домбырамен күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Президент мұның символдық мәні зор деп атап өтті.
-Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді. Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін. Сүйікті қаламыз өркендеп, гүлдене берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!,-делінген Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында.
1997 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев астананы Ақмола қаласына ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Президенттің жарлығымен 1998 жылы алтыншы шілдеде Ақмола қаласын Астана деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.