• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалану шектелуі мүмкін

Мәдениет министрлігі 16 жасқа толмаған балаға әлеуметтік желіні қолдануды шектеуді ұсынады.
Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалану шектелуі мүмкін
Фото "Мг" порталының мұрағатынан

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәдениет министрлігі әзірлеп жатқан құжатқа сәйкес, TikTok, Instagram, Facebook, Threads, X және VK секілді платформаларға шектеу қойылуы мүмкін.

Министрлік мәліметінше, бұның басты мақсаты балаларды буллингтен, алаяқтардан және басқа да зиянды нәрселерден қорғауды көздейді. Ал WhatsApp пен Telegram-ды еш кедергісіз пайдалана алады.

Айта кетейік, Roblox пен Minecraft әлеуметтік желілерге жатпайтындықтан, оларды шектеу қарастырылмаған. Құжатқа қатысты түзетулер әлі қабылданған жоқ және оны қоғамның талқылауына 29 желтоқсанға дейін шығару жоспарланған.

Главный баннер --> after article