7 часов назад

Қазақстанда 60 бала терезеден құлады

Ел аумағында 5 бала терезеден құлап, қаза тапты.

Ел аумағында 5 бала терезеден құлап, қаза тапты.
Фото "ЖИ" көмегімен жасалды

2025 жылдың 19 мамырына дейін ел аумағында 60 бала терезеден құлапты. Оның бесеуі алған жарақатынан қайтыс болды. Құлап қалған бүлдіршіндер түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемелерде ем-дом қабылдады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Өткен жылы осындай 196 жазатайым оқиға тіркеліпті. Сала мамандары биіктен құлау қатеріне екі жастан он үш жасқа дейінгі балалар екенін хабарлады. Көбінесе қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде болады. Себебі шығын мен мазадан қорғайтын торлар салмаққа шыдамайды. Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді.

Құтқарушылар жазатайым оқиға тіркелмес үшін сақтық шараларын сақтауға шақырады:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Москит торларына сенбеңіз — олар баланы ұстап қалмайды;
  • Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторларды орнатыңыз;
  • Бала терезе алдына шыға алмас үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp