Қазақстанда алимент қарызы 19 млрд теңгеден асып жығылады
2025 жылы елімізде алимент қарызы 19 млрд теңгеден астам қаржыны құрапты. 15 мыңнан астам алимент проблемалық деп танылған.

Елімізде алимент өндіріп алу бойынша 285 мың құжат тіркеліпті. Олардың ішінде 278 мыңға жуық құжат мерзімді өндіріп алынуда. Алимент қарызы борышкердің еңбекақысынан ұсталады. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. Биыл өндірілген алимент 1,6 миллиард теңгеден асып жығылады. Ал, проблемалық алименттің саны 15 мыңнан асып жығылады.
— Проблемалық берешектің мөлшері шамамен 19 миллиард теңге. Бұл құжаттар бойынша борышкерлер төлем жүргізбейді. Борышкерлерге қатысты атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ететін мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылады, - деді ҚР Әділет министрлігі міндетті атқару комитетінің төрағасы Махсат Балабеков.
Қазіргі таңда жеке сот орындаушылар борышкерлердің табысын қасақана жасыруын болдырмау үшін олардың электронды ақшалары мен жасырын кірістерін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізуде.