Қазақстанда мүгедектігі бар жандар инватакси қызметін 221 мың рет пайдаланған
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар 207 мың рет инватакси қызметін пайдаланған.

Қазақстанда биыл мүгедектігі бар жандар инвактакси қызметін 221 мың рет пайдаланған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Бұл көрсеткіштер Алматы мен Астана қаласында тіркеліпті. Өткен жылы ел бойынша инватакси қызметін 207 мың рет қолданған.
Елімізде инватакси қызметін жетілдіру үшін министрлік өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдапты. Қызмет алу үшін азаматтар бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет. Сала мамандары бұл қызмет мүгедектігі бар жандардың сапарын жоспарлауға көмектеседі деседі.
— Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Қазіргі таңда пилоттық жоба Астана мен Алматы қаласында іске асып жатыр. Сала мамандары келешекте жобаны ел аумағында іске асыру жоспарланғанын жеткізді.