Қазақстанда биыл 29 жатақхананы іске қосу жоспарланған
Оның 19 оқу жылының басында дейін іске қосылмақ.

Биыл елімізде колледж бен университетте білім алатын студенттердің жағдайын жақсарту мақсатында 29 жатақхананы іске қосу жоспарланыпты.
Бұл туралы үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Жаңа оқу жылына дейін 19 жатақхананы іске қосуды көздеп отыр. Олар Астана,Шымкент, Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл мен Түркістан облысында ашылмақ.
Министрдің сөзіне сенсек, 20 ғимарат жоғары оқу орындарында білім алатын студенттерге арналған. Қалғаны колледжде оқитын жастарға беріледі деп жоспарлануда.
— Оқу жылының басына дейін 4 228 орындық 19 жатақхана ашылады деп күтілуде. Олар – Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Алматы, Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары, — деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Бүгінгі таңда 3 528 орындық төрт жатақхана пайдалануға берілді. Түркістан қаласында екі ғимарат, елордада екі жатақханаға қолданысқа тапсырылған. Бұдан өзге жыл соңына дейін 2683 орынды құрайтын алты жатақхананың құрылысы басталмақ. Оның бесеуі Алматы қаласында салынады.
- БҚО-да мұғалімдер флюрографиядан өту үшін таңғы сағат 7-ден кезекте тұрған
- БҚО-да әкім гранты үшін 853 млн теңге бөлінді