14 часов назад

Шекарада қазақстандық полиция қызметкерлерінің формасы тәркіленді

Оқиға «ХШЫО Қорғас» кеден бекетінде тіркелген.

Шекарада қазақстандық полиция қызметкерлерінің формасы тәркіленді
Фото Мемлекеттік кірістер комитетіне тиесілі

Шекара шебінде Ішкі істер органдарының "POLISIA" жазуы бар киімдердің ірі партиясы тәркіленді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

 Киімдердің жалпы салмағы 1775 келіні құрапты. Сала мамандары 71 багаж орынды тәркілеген. Полиция қызметкерлерінің киімін Қытай таратапынан қазақстандықтардың жүгін тасымалдаған көліктен тапқан.

Тәртіпке сәйкес «ХШЫО Қорғас» арқылы өткен жеке тұлғалар сатып алған тауарларын арнайы тасымалдаушылар арқылы шекарадан өткізе алады. Бірақ ресми символикасы бар формалық киімдер жеке пайдалануға арналған тауарлар қатарына жатпайды және арнайы тәртіппен әкелінуі тиіс.



Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp