«Зауытта жұмыс істеу үшін ынта керек»
Зауытта шебер болып істейтін Айбар Бисекешов зауытта жұмыс істеу үшін ынта керек , — дейді.

Биыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жарияланды. Осыған байланысты «Мой город» порталы қарапайым еңбек адамдары туралы мақала топтамасын дайындады. Бүгін Орал сауда-өнеркәсіп компаниясында жұмыс істейтін шебер Айбар Бисекешов туралы баяндаймыз. Кейіпкеріміз кәсіпорында тоғыз жылдан бері еңбектеніп келеді. Ол алғашында шебердің көмекшісі қызметке кірісіпті. Кейін, шеберге дейін мансабы өскен.
— Жұмысқа бес-алты жігітпен түсемін. Жұмыста құбыр жасайтын құрылғыны іске қосамыз. Бізде автоматтандырылған жүйе. Біздер пластика құбырлардың жасалу барысында қалыңдығын, сапасын бақылаймыз. Зертхананың қыздары келіп, оларда өлшейді. Қай жерде ньюанстар болса, қателіктер болса айтады. Біздер қарап жүргенімізбен кейде өткізіп аламыз. Маркеровкасын қарайды, жазуын тексереді. Қалыңдығын, диаметрін әлсін-әлсін тексереміз, — дейді Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының шебері Айбар Бисекешов.
Айбар — Оралдың тумасы. Ол Ақтөбе қаласында теміржол саладасында білім алыпты. Кейіпкеріміз тоғыз жылдай мамандығы бойынша тер төккен. Кейін қаладағы Трансформатор зауытында екі жылдай жұмыс істеп, осы компанияға ауысқан. Айбардың жанұясы — теміржолшылар. Оның ата-анасы теміржол саласында еңбек етіп, зейнетке шығыпты. Шебердің сыңары Айдар да теміржол саласында істейді. Кейіпкерімізді теміржол саласына шақыратындар көп екен. Бірақ зауытта еңбектеніп жүрген жан әзірге қызметін ауыстырғысы келмейтінін жасырмады. Ол қос салада жалақы бірдей, — дейді. Кейіпкерімізде зауытта жұмыс істеу үшін адамға не керек деп сұрадық.
— Әуелі ынта керек. Әрбір адамның еңбегі жақсы бағалануы керек. Еңбекақы жақсы болса, жастар кетпейді, істейді, -деп ойлаймын. Отбасым, бала-шағам бар. Сосын жұмыстан шықпаймыз. Істей береміз. Жалақы көп болсын, аз болсын, қайда барасың? Оралда еңбекақы бірқалыпты. Қай зауытқа, қай жерге барсаң да сондай жалақы аласың. Одан кем алмасаң. Өзіміз қара жұмысқа үйренгенбіз, — дейді Айбар Бисекешов.
Айбар алғаш жұмысқа келген шағында біраз қобалжу мен қорқыныш болғанын айтады. Ол шебердің қасында жүріп үйренген. Әрбір аусым сайын, тәжірибе жинақтайсың, — дейді. Ата-анасының өмір бойы еңбек етіп, адал қызмет атқарғанын көріп өскен кейіпкеріміз қай салада, қандай мамандық бойынша жұмыс істемесек те адал әрі еңбекқор болуымыз керек пікірде. Айбар секілді Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Зауытта жүздеген адам еңбек етеді. Компания суға, газға және кәріз жүйесіне арналған диаметрі әртүрлі пластик құбыр, шатыр, қақпа, полителен пленкасы, жол белгілері мен тұрмысқа қажетті заттарды шығарумен айналысады.
Зауытта Айбардың жұмысын инженер-зертханашы мамандар тексереді. Соның бірі-Нұргүл Джарасова. Ол өндіріс ошағында үш жылдай қызмет етеді. Маман бұған дейін алты жылдай өзге мекемеде зертханашы болыпты. Химия мамандығында білім алған Нұргүл зауыттың барлық өнімін сапаға сай немесе сай еместігін жіті бақылайды. Оның қорытындысы негізінде өнімнің төлқұжаты дайындалады. Өніммен бірге тұтынушыға осы құжатты қоса жібереді.
— Зауытта атқаратын қызметім дайын өнімнің сапасын, стандартқа сай немесе сай емес екеніне өлшемдер жүргізіп, соған сәйкес қорытынды жасау. Біз мұнда өнімдердің әртүрлі геометриялық қасиеттерін, физико-механикалық қасиеттерін тексереміз. Барлық өлшеп, дайын өнімнің паспортын қалыптастырамыз және тұтынушыға біздің өнім паспортпен бірге жөнелтіледі. Куәлікті біз қалыптастырамыз. Бірақ ол куәлікті қалыптастыру үшін біз барлық өнімді нормативке сай тексерістер жүргіземіз. Штатымыз толық қалыптасқан.Зауыттан шыққан бүкіл өнімді біз бастан аяғына дейін тексеріп шығамыз. Яғни, біздің тексереміздің, рұқсатымыздан кейін ғана өнімді жөнелтуге жолдама алуға болады. Егер өнімді тексермесе, ол зауыттың аумағынан шықпайды, — дейді Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының инженер-зертханашысы Нұргүл Джарасова.
Инженер-зертханашыдан да неліктен зауытта жұмыс істеу туралы шешім қабылдаңыз деп сұрадық. Нұргүл Джарасова: «Ата-анамның өмір бойы еңбек етіп, адал ас іскенін көріп өстік. Сол себепті адал еңбекпен нан тапқаннан артық бақыт жоқ», — дейді.
Қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарға жастарды баулу ісі күн тәртібінен түспейтін сауал екені даусыз. Тәжірибелі маман жастарды жұмысшы мамандықтарға баулу үшін арнайы ынталандыру шараларын іске қосса деген ойын ортаға салды. Ол жұмысшы мамандарға емін-еркін ипотека рәсімдеуге көмектессе, бұл жас мамандардың қызығушылығын оятады деген ойда.
Біз тілдескен қос маман да еңбектің наны тәтті деген ұстаныммен өмір сүреді. Ата-ананың тәлімін көріп өскен жандар, әрбір мамандық қадірлі, әрбір маман құрметке ие деген лайық деп есептейді.
Медет Медресовтың фотосы