Қазақстанда жаңа астықтың 7,5 млн тоннасы экспорталды
Жаңа өнімнің 7,5 млн тоннасы шетел асқан.

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап, биылғы жылдың 27 сәуіріне дейін жаңа астықтың экспорты 7,5 миллион тоннаны құрады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда 56 пайызға артыпты. Қазақстандық астықтың Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріне жеткізудің көлемі тұрақты түрде өсіп келеді деп министрлік хабарлады. Өзбекстанға жөнелтілген астықтың көлемі 2,7 миллион тоннаны құрайды. Тасымалдау 29,7 пайызға артқан. Ал, Тәжікстанға -50 пайызға, Ауғаныстанға -33,8%, Қырғыстанға екі есеге, Иранға- 16 есеге артып, Әзірбайжанға-111 есеге тасымалданған астықтың көлемі артқан.