4 часа назад

Жұмысынан айырылған 202 мыңнан астам қазақстандық өтемақы алды

Биыл 138 мың адам алғаш рет өтемақы алған.

Жұмысынан айырылған 202 мыңнан астам қазақстандық өтемақы алды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қызметінен қағылған 202 мыңнан астам қазақстандық өтемақы алды. Бұл туралы еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Өтемақы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіпті. Биыл 138,2 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 51,6 млрд теңгені құрапты. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босаған қазақстандықтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты бір айдан алты айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45 пайызына дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Министрлік төлем тағайындау бойынша алгоритм жасақтады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

  • eGov.kz порталында авторизациялану;
  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
  • онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған электронды цифрлы қолтаңба арқылы қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Сала мамандары бұл қызметті онлайн режимде электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем қызметінен түрлі себеппен босауына қарамастан тағайындалады. Өтемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жанды қолдау үшін төленетінін еске салады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp