2024 жылы Қазақстанда 41 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталды
Бұл соңғы 10 жылдағы көрсеткіштен 3,2 пайызға көп екен.

Өткен жылы ел аумағында 41 292 адамнан қатерлі ісік анықталыпты. Бұл туралы қазақ онкология институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов хабарлады. Ербол Бекмұхамбетовтың сөзіне сенсек, бұл соңғы он жылдағы 10 жылдағы орташа көрсеткіштен 3,2% жоғары екен.
Қазіргі таңда елде 236 624 онкологиялық пациент динамикалық бақылауда тұр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4% артық. Бақылауда тұрған жандардың — 55% астамы еңбекке қабілетті жастағы адамдар.
Ел аумағында медициналық көмек қолжетімді болуы мен сапасын арттыру үшін арнайы кешенді жоспар жүзеге асып жатыр. Жоспар 2023-2027 жылдарға арналған.
Қазіргі таңда Қазақстанда екі ұлттық және 20 өңірлік онкологиялық орталық жұмыс істейді. Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде бүгінде еліміз бойынша Varian және Elekta жетекші әлемдік өндірушілерінің 27 заманауи желілік үдеткіші орнатылды және Орталық Азиядағы жалғыз протондық терапия орталығы, Gamma Knife жұмыс істеуде.
2024 жылы сәулелік аппараттар паркі емдеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтетін алты жаңа сызықтық үдеткіштермен толықтырылыпты. Алдағы екі жылда тағы он заманауи аппарат орнату жоспарлануда.
Төрт сызықтық үдеткішпен және Протон орталығымен жабдықталған Ұлттық ғылыми онкология орталығында жұмыс істейді. Осылайша, 2028 жылға қарай қазақстандық медициналық мекемелердің сәулелік терапияға арналған заманауи жабдықтармен жарақтандырылуы 85% құрайды деген жоспар бар.
Бұл онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын едәуір жақсартақпақшы. Ядролық медицина орталықтарының желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде екен. Күні бүгінге дейін Ақтау мен Қызылордада орталықтың құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталыпты.
Өскемен мен Ақтөбеде орындар анықталды, ал Қарағандыда жобалық-сметалық құжат бекітілді. Биыл Ақтау, Қызылор және Ақтөбеде, ал келер жылы Қарағанды мен Өскеменде орталықтарды іске қосу жоспарлануда.