Қазақстанда екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандар үшін "Жастар практикасы" бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама арқылы күні бүгінге дейін 423 адам еңбекке араласыпты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

"Жастар практикасы" бағдарламасына жасы 35-тен аспаған жандар қатыса алады. Бағдарлама аясында жас мамандар біліктілігі, яғни алған мамандығы бойынша тәжірибе жинақтай алады. Ол үшін "Мансап" орталығына жолығу қажет.

Бағдарлама қатысушыларының машықтан өтетін жастардың тәжірибе жинақтауы үшін арнайы тәлімгер бекітеді. Ол білім мен практикалық машық жинақтауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама қатысушылары үшін жалақыны "Еңбек ұтқырлығы" орталығы төлейді. Қазіргі таңда ел аумағында "Жастар практикасына" қатысып, осы бағдарлама арқылы жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға 129 мың теңгедей еңбекақы төленеді.